Алмас Құлшынбаев «Ордабасы» - «Торпедо» Кутаиси жұбының жеңімпазын айтты.
Шымкенттік клуб Конференциялар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде грузиялық командаға қарсы тұрады. Қос клуб арасындағы бірінші бәсеке 10-шілдеде Грузияда, ал жауапты ойын шілденің 17-де Шымкентте болады.
«Жетісу» клубын тізгіндеген кезде бұл командамен ойнаған болатынбыз. Жақсы әсер қалдырды. Бұл біріншіден. Екіншіден онда сапалы легионерлері бар екен. Бірнеше бразилялық футболшы бірден көзге түсті. Грузия чемпионатында бүгінгі жағдай дәл сондай ма екен, ол жағын білмедім. Бірақ,«Торпедо» Кутаиси де дәстүрі бай, селекциясы дұрыс жолға қойылған клубтың бірі. Дегенмен осы күнде нақты қандай дәрежеде екенін тап басып айту қиын. «Ордабасы» ойынындағы дағдарысты ескерсек, бұл жұптың фавориті грузиялық клуб. Неге олай, себебі шымкенттік команда ерекше бір ойын көрсетіп жүрген жоқ, нәтижесі де солай. Жарқын жеңіс пен түсініксіз жеңілістер... Ал осының барлығын таразылай келе, 60-та 40 пайызға грузиялық клуб басым сияқты көрінеді», - деді А. Құлшынбаев «Аладоп.кз» сайтына.
«Ордабасы» ҚПЛ-дің 15 турынан кейін 20 ұпай жинап, жетінші орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET