Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Павел Черепанов Станислав Черчесов пен ұлттық команданың нәтижелері жайлы өз ойын ортаға салды.
«Қазақстан құрамасының нәтижелері туралы айтқанда өте өзекті бір сұрақ бар. Қазақстандық футболшылардың ойын тәжірибесі жеткіліксіз, себебі, бізде лимит толықтай алынып тасталған. Черчесов те осы жайлы айтып, құрама команда футболшыларының 50 пайызында ойын тәжірибесінің жоқтығына назар аударған болатын. Бұл жерде мәселе бапкерде емес, ол өте ауыр жағдайға түсіп қалды. Кұрамадағы кей футболшылардың ойын тәжірибесі аз болса, ал кейбірі керісінше шаршаңқы. Мәселен, «Астананың» футболшылары. Черчесов қорғаныста бес ойыншымен ойнаудың кесірінен шабуылдағы әлеуетімізді жоғалтатынымыз туралы БАҚ-та бірнеше рет айтты. Қарапайым сәттердің өзінде допты жоғалтып алмайтын футболшылар жоқ. Осының салдарынан төрт матчта бірде бір гол ұра алмай келеміз», - деді белгілі маман.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының төрт турында бірақ ұпай алып, өзінің тобында соңғы орында келеді. Станислав Черчесовтың командасы келесі кездесуін Аустриямен өткізеді. Бұл бәсеке 14-қарашада өтеді. Соңғы турда сырт алаңда Норвегияға қарсы тұрмақ. Бұл ойын қарашаның он жетісіне жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET