Жарнама
Жарнама

Белгілі ресейлік бапкер ҚПЛ командасының тізгінін ұстауы мүмкін

26.01.2023, 19:38
Жарнама
Жарнама


Ресей ұлттық құрамасының экс-бапкері Леонид Слуцкий мансабын Қазақстанда жалғастырып қалмақ ниетте.

Әзірше Қазақстан Премьер-Лигасының қай клубының көзі Слуцкийге түсіп жүргені белгісіз. Тараптар арасында келісім тұрмақ, ұсыныста жасалмаған екен. 

Соңғы рет бапкер "Рубин" ФК баптады. Ол бұл ұжымнан 2022 жылдың қараша айында кетті.

Слуцкий Ресей біріншілігін үш рет жеңіп алған. Маман мәскеулік ЦСКА-мен әр жылдары жетістікке жетіп отырды. Құрама тізгініндеде бапкер аузын құр шөппен сүртіп қалмады. Ол Ресей футболшыларын Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне дейін алып шыққан болатын. Тағы қосар болсақ, Леонид "Витесс" және "Халл" командаларында қызмет атқарған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров