Жарнама
Жарнама

Бельгия Дания құрамасын жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды

18.06.2021, 04:50
Поульсен Еуро тарихындағы ең жылдам голдардың бірін соқты.
Жарнама
Жарнама

Бүгін, 17 маусымда Дания құрамасы Бельгиямен кездесті. Топтық кезеңнің 2-турындағы матч Копенгагендегі "Паркен" стадионында өтіп, 2:1 есебімен бельгиялықтардың пайдасына аяқталды. Кездесуде Бьорн Куйперс бастаған нидерландылық төрешілер тобы қызмет етті.

Дания құрамасы ойынның 2-ші минутында-ақ есеп ашты. Шабуылшы Юсуф Поульсен жылдам голдың авторы атанды. Бірінші таймда бұдан басқа гол соғылған жоқ. Бірақ кездесудің екінші жартысы "қызыл сойқандардың" пайдасына жұмыс істеді. 55-минутта Де Брюйненің пасынан кейін Торган Азар гол соқты. 71-минутта Кевиннің өзі көзге түсті - бұл жолы ол пас емес, нәтижелі соққының авторы атанды. Осыдан кейін Данияда бірнеше мүмкіндік болғанымен, гол соға алмады. Ал "Интер" клубының шабуылшысы Ромелу Лукаку матчтың үздік ойыншысы атанды (екінші ойын қатарынан).

Еске салайық, «В» тобында даниялықтар мен бельгиялықтардан басқа Ресей мен Финляндия құрамалары бар. 6 ұпаймен Бельгия турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Ал Дания (0) ең соңғы орында тұр.