Бельгияда бақ сынайтын 25 команда жалпы жиналыста өздерінің ұлттық турнирлерін Голландия чемпионатымен біріктіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Бельгия чемпионатының ресми сайты.
"Бұл әрекет ірі клубтардың спорттық амбициясын құрметтеуге және барлық командалардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделген", - делінген хабарламада.
Біріктірілген турнир Beneleague деп аталады. Турнир туралы толық ақпарат әлі жарияланбады.
Бельгия чемпионатының осы маусымдағы көшбасшысы - 30 матчта 70 ұпай жинаған "Брюгге" клубы. "Антверпен" (51) және "Генк" (49) сәйкесінше екінші және үшінші орынға тұрақтаған. Ал Голландия чемпионатында 25 ойында 63 ұпай еншілеген "Аякс" көш бастап келеді. Үздік үштікке ПСВ (55) және "АЗ Алкмаар" (52) клубтары жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET