Жарнама
Жарнама

Бельгиядан жеңілген Португалия құрамасы турнирді осы жерден аяқтайды

28.06.2021, 13:42
Ойынның тағдырын шешу үшін бір дәл соққы жеткілікті болды.
Жарнама
Жарнама

Бүгін, 27 маусымда Бельгия құрамасы Португалия құрамасымен кездесті. Еуро-2020 турнирінің 1/8 финалдық ойыны Севильядағы (Испания) "Олимпико-де-Севилья - Ла Картуха" стадионында өтіп, 1:0 есебімен Бельгия құрамасының пайдасына аяқталды. Кездесуге Феликс Брих бастаған германиялық төрешілер тобы қызмет етті.

Матчтағы есепті 42-минутта Бельгия құрамасы ашты. Голды Торган Азар соқты, ол Португалия қақпасының алыс бұрышын дәл көздеп, ойындағы жеңісті оолды соқты. Кездесудің екінші жартысында Португалия есепті теңестіруге тырысты, бірақ Бельгияның қорғанысы Роналду бастаған жігіттер үшін алынбас қамал болды, ал кейбір эпизодтарда сәттілік жетіспеді. "Боруссия Дортмундтың" жартылай қорғаушысы Торган Азар матчтың үздік ойыншысы атанды.

Еуропа чемпионатының ширек финалында Бельгия құрамасы Италия құрамасымен кездеседі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров