Жарнама
Жарнама

Бельгиялық клуб «Қайрат» ойыншысын сатып алды

01.07.2022, 20:01
Алматылық клуб бұл ойыншыны екіші рет сатып отыр.
Жарнама
Жарнама

Алматылық «Қайрат» Қазақстан құрамасының 25 жастағы ойыншысы Ян Вороговскийдің «Моленбекке» кеткенін хабарлады.

«Қайраттың» қорғаушысы «Моленбекке» тұрақты түрде ауысты. Вороговский соңғы алты ай бойы осы командада жалдау шарты бойынша өнер көрсеткен еді. Қазақстандық қорғаушы «Моленбек» үшін 12 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Еске салайық, Вороговский 2016-2019 жылдар аралығында «Қайрат» сапында доп тепті, содан кейін ол бір жарым жылды «Беерсхот» клубында өткізді. Ол кезде бельгиялық клуб Янды 100 мың еуроға сатып алған болатын.

Өткен жылдың шілдесінде ол алматылық клубпен 2024 жылдың маусымына дейін жарамды келісім-шартқа отырған еді. Сондықтан «Моленбек» Вороговскийді өз қатарына қосу үшін «Қайратқа» ақша төледі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров