Жарнама
Жарнама

Беллингемнің голы Қазақстан – Англия матчының тағдырын шешті

09.09.2025, 09:00

Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Англия командасынан жеңіліп қалды. Ақтөбеде өткен матч қонақтардың жеңісімен аяқталды. Есеп 0:2.

Жарнама
Жарнама

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ Ағылшындар бастаманы өз қолына алды. 18-минутта Итан Нванери есеп ашса, көп ұзамай 23-минутта Англия капитаны Джоб Беллингем көзге түсті. Ол – "Реал" жұлдызы Джуд Беллингемнің туған інісі. Осы екі жылдам соғылған гол матч тағдырын шешіп берді.

Қазақстан құрамасы алаң иесі ретінде белсенді ойнағанымен, қарсылас қақпасына нақты қауіп төндіре алмады. Англия қорғаныста мықты ойнап, жеңісін соңына дейін сақтап қалды.

Еске сала кетсек, алғашқы турда Қазақстан өз алаңында Андорраны 1:0 есебімен тізе бүктірген болатын. Қазіргі таңда топта Англия көш бастап тұр.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 9 қазанда сырт алаңда Андорраға қарсы өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров