Брест қаласының «Рух» командасы биыл жоғарғы лигадағы дебютін өткізіп жатыр. Қазақстан жанкүйерлері бұл клубқа назар аударуы тиіс. Өйткені бұл команданы қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс Александр Седнев баптайды. Ал оның көмекшісі отандасымыз Андрей Ферапонтов. Сонымен бірге, команда сапында қарағандылық футболшы Владислав Васильев те бар. Ол өткен амусымда брест қаласының «Диномо» клубымен бірге Белоруссия чемпионы атанды. Ал қазір Васильев «Рух» командасында жалда жүр. Өткен турда «Рух» «Городея» командасымен кездесті. Ойынды қонақтар өте белсенді бастады. Тіпті пенальти тебетін де мүмкіндігі болып еді, алайда төреші қорғаушы Вильямның қолмен ойнаған сәтіне көз жұма қарады. Бірінші таймның ортасына таман басымдылықты алаң иелері өз қолдарына алды. «Городея» қорғанысы қатты қиналып, қақпашы Игорь Довгялло әбден тырысты. Екінші таймның басында «Городея» намысын қорғайтын ресейлі футболшы Андрей Сорокин мүмкіндікті мүлт жібермей кездесу есебін ашты. «Рух» рухтанып шабуылға шықты да, қонақтарды әбден тықсырды. 83 минутта олар таразы басын теңестірген еді, төреші офсайд деп голды есепке алмады. «Городея» үш ұпай еншілейін деп тұрғанда Игорь Колпачук матч есебін теңестіріп тастады. Айтпақшы ол кезінде «Городея» сапында ойнаған.
Георге АНДРОНИК- «Рух» ФК жартылай қорғаушысы
Әлбетте, мұндай голды жіберу әрқашан ауыр тиеді. Жеңіске жеткіміз келіп еді, болмады. Тең түстік. Енді тоқтамай, ары қарай сенімді қадам жасауымыз керек.
Минск қаласының «Динамосы» Слуцктан келген командамен күүш сынасты. «Динамо» сапында қазақ жанкүйерлеріне таныс тағы бір ойыншы ойнадй. Ол қорғаушы Игорь Шитов. Кезінде «Астана» сапында ойнаған Игорьдің қазіргі командасы турнирлік кестеде 13-сатыда келеді. 22-минутта Драман Салу жойқын соққымен «Динамо» қақпасын дәл көздеді. Бұл голды олар өте ерекше әдіспен тойлатты. Алаң иелері алға лап қойып, қарсылас қақпасын торуылдай бастады. Бірақ олардың соққыларының көбісі қақпа бағанының қасынан зулап жатты. 37-минутта «Слуцк» қақпасына пенальти белгіленді. Команда капитаны әрі қақпашысы Борис Понкратов өте өрескел ойнады. Ол Юрий Тетеренконы шалып құлатты. Зардап шеккен ойыншы пенальтиді қақпа маңдайшасына тигізіп алып, қайта келген допты аспанға жіберді. Ал екінші таймда қонақтардың комбинациясы нәтижелі аяқталды. Команда шабуылшысы Абдул Гафар қақпаға қарамастан есепті еселеп тастады. «Динамо» есеп айырмасын қысқартуды қарастыра бастады. Дегенімен қонақтардың қорғанысы сыр бермей тұрды. Дегенімен, алаң иелері абырой голын соғуға мүмкіндік алды. Қоғанысты түгелімен кесіп түскен пастан кейін Карло Бручич гол салды.
Леонид КУЧУК, «Динамо-Минск» бас бапкері
Бәрін де өзгертуге болады. Ең маңыздысы жасағн дүниені құртып алмау. Кемшіліктерді біртіндеп жоя бастаймыз. Сосын өзгеруге бет аламыз. Біз жаттығу кезінде көп өзгерістер жасап жатырмыз. Жігіттер, жарады, барлығын тез қабылдап жатыр. Алайда, әлі де болса уақыт қажет екенін байқадық. Команда ойын мәнерін де өзгертуі тиіс. Командам құбылмалы ойын көрсете алуы тиіс.
Турдың маңызды кездесуі деп Бобруиск қаласының «Белшинасы» мен қазіргі чемпион «Динамо» арасындағы матчты айтса болады. «Белшина» сапында ойнайтын Максим Гректі айта отырайық. Ол кезінде «Бәйтерек», «Ордабасы» және Қазақстан жастар құрамасы сапында ойнады. Ал Брест қаласының «Динамосы» сапында қазақ жанкүйерлері жақсы танитын ойыншылары жетіп артылады. Мұнда «Ертісте» ойнаған Сергей Кисляк пен вингер Михаил Гордейчук бар. Гордейчук өткен жылы «Тобылда» жүрді. Ол аз десеңіз «Динамо» капитаны Артём Милевский кезінде «Ақтөбеге» алынбақшы болды. 12 минутта «Белшина» өз айып алаңында қарбаласып жүріп автогол соғып алды. Оның авторы Владислав Ясюкевич. Бірінші таймда одан өзге гол болмай есеп 0-1-мен аяқталды. 52 минутта Михаил Гордейчук өзінің сүйікті мәнерінде екінші голды салды. Сосын Денис Лаптевтің үшінші голы Бобруиск жанкүйерлерінің көңіліне қаяу түсірді. Жалпы есеп 0-3, «Динамо» сенімді түрде жеңіске жетті.
Сергей КОВАЛЬЧУК- «Динамо-Брест» ФК бас бапкері
Жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Себебі, соңғы ойындар нәтиже тұрғысында нашар болды. Аз уақыттың ішінде көп ойын өткізіп тастадық. Сондықтан қазір бізге демалыс керек. Алғашқы 7 минут өте ауыр болды. Біз өз қақпамызға қамалып қалдық. Ал екінші таймда ойынға өзгеріс енгіздік те, дегенімізге жеттік.
«Батэ» өз алаңында Гродно қаласының «Неман» командасын қабылдады. 12-минутта серб ойыншысы Боян Дубайич Игорь Стасевитің пасынан соң көзге түсті. Араға 3 минут салып, Павел Нехайчик пенальти жасады. Стасевич «Неман» футболшыларын тәртіп бұзғандары үшін голмен жазалады. 30 минутта гродно аяқдопшылары Гегам Кадимянның арқасында есеп айырмасын қысқартты. БАТЭ футболшылары жіберілген голдан кейін одан әрі қатулана түсті. Екінші таймда команда көшбасшысы Стасевич Нехайчикті ұрымтал сәтке шығарып берді. Павел «Неман» қақпасына үшінші допты соқты.
Біздің серіктес: FONBET