Еуразиялық ынтымақтастық ұйымының елдерінің азаматтары Қазақстан футболында легионер болып саналмайды. Соның салдарынан шығар осы күні Қазақстан чемпионатына олар көптеп келіп жатыр. Өткен жылы да біршама Белорус футболшысы Қазақстанда ойнады. Олардың қатарында мына ойыншылар болды: Руслан Юденков пен Алексей Носко «Мақтаарал», Артем Рахманов пен Денис Поляков және Макс Эбонг «Астана», Александр Позняк «Шахтер» Қарағанды. «Ордабасы» сапында ойнаған Дмитрий Бородин «Қайсар» сапына ауыспақшы. Ал шымкенттік клубтың шабуылшысы болған Всеволод Садовский «Мақтаарал» сапына ауысуы ықтимал.
Сонымен қатар бұрын Қазақстанда ойнамаған футболшылар да ағылып келіп жатыр. Мысалы, Егор Хаткевич пен Никита Степанов «Атырау» сапына ауысуы мүмкін. «Атырауды» айтпақшы, белорус маманы Виталий Жуковский баптайды. Глеб Жердев пен Александр Гутор жуырда қостанайлық «Тобыл» қатарына енуі ықтимал. Василий Совпель деген ойыншы қазір «Қайсар» қатарында жүр. Ол бапкерлер көзіне түссе, келісім-шартқа қол қоюы ғажап емес. «Қызылжар» командасы Евгений Березкинді алғысы келетінін жасырмады. Ал бұрыннан бері Қазақстанда жүрген Алексей Залевский қазір «Каспий» сапында жаттығып жүргенін байқадық.
Міне, бұл оқу-жаттығу жиындарының алғашқы күндері болып жатқан оқиға. Демек, алдағы уақытта әлі талай футболшылар трансфері тіркеледі деген сөз. Белорус елінің футболшылары қомақты жалақы үшін Қазақстанды бетке алғаны айқын. Ал олардың деңгейі жергілікті футболшылардан биік пе деген ой келеді, осындайда.
Біздің серіктес: FONBET