Беларусь құрамасы мен «Колос» клубының 27 жастағы қорғаушысы Николай Золотов «Ордабасыға» ауысудан бас тартты, деп хабарлайды «Ухо Анюкевича» телеграм арнасы.
Дереккөздің хабарлауынша, шымкенттік клуб Золотовқа бір айлық жалақысы 2000 долларды құрайтын келісім-шарт ұсынаған. Ал Николай бұл ұсынысты қабылдамай, Францияға қоныс аудару мүмкіндігін қарастыруда.
Бұған дейін БАҚ өкілдері «Ордабасы» Золотовты «Колостан» жарты жылға жалға алуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.
Біздің серіктес: FONBET