Жарнама
Жарнама

«Бенфика» ойыншылары таяқ жеді

11.06.2020, 11:40
Өткен жылы «Спортинг» футболшыларын өз фанаттары ұрып кетті ғой.
Жарнама
Жарнама

«Бенфика» командасының автобусын белгісіз біреулер таспен атқылады. Команда ойыншылары «Да Луж» стадионында болған жаттығудан қайтып келе жатқан еді.

Клубтың ресми ақпараты бойынша неміс ойыншысы Юлиан Вайгль мен серб Андрия Живкович шашыраған шишадан азды-кем зақым алыпты.

Клуб басшылығы бұзақыларды анықтап және жазалау қажеттігін айтып, тиісті орындарға арыз жазды. «Бенфика» мен «Тонделла» арасындағы ойын Португалия біріншілігінің карантиннен кейінгі алғашқы матчы болды. Ойынға фанаттар кіре алмады, ойын 0-0 аяқталды. 

https://twitter.com/SPolaris13/status/1268693575509987330?s=20

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров