Флорентино Перес бұл ойыншылармен қоштасатын уақыт келді деп санайды.
Испаниялық
Sport.es порталының жазуынша, мадридтік "Реалдың" президенті Флорентино Перес жазғы трансфер маусымында жетекші қос футболшыны сатуға ниетті. Бензема мен Криштиану Роналду. Түскен қаржыға "Бавариядан" Левандовскийді, "Челсидан" Азарды сатып алуға талпынады. Сонымен қатар, өткен жаз бойы Давид Де Хеаны Испания астанасына алып келуді көздейді.