Бензема «Реалға» оралды

02.05.2024, 11:03

«Әл-Иттихадтың» шабуылшысы Кәрім Бензема «Реалдың» сапына қосылды. Бірақ, франциялық шабуылшының мақсаты доп тебу емес, Бензема өзінің бұрынғы клубына денсаулығын жақсарту үшін оралып отыр.

Кәрім Бензема "Реал" сапында

Форвард Мадридтік клубтың медициналық қызметкерлерінің көмегіне жүгінбек. «Әл-Иттихад» футболшысы енді алдағы бірнеше апта ішінде кезінде «Реалда» жүріп тапқан жарақатын емдейді.

Айта кетейік, Бензема «Әл-Иттихад» командасында 2023 жылдың жазынан бері өнер көрсетуде. Осы маусымда Сауд Арабиясындағы барлық турнирлерде 29 ойынға қатысып, 13 доп соғып, сегіз голдық пас берген. Про-лигаға Бензема «Релда» өткізген 14 маусымнан кейін ауысқан еді.