Жарнама
Жарнама

Бенжамин Шешко “Манчестер Юнайтед” ойыншысы атанды

10.08.2025, 17:30

“Манчестер Юнайтед” Словения құрамасының шабуылшысы Бенжамин Шешконы “РБ Лейпцигтен” сатып алғанын ресми түрде жариялады. Келісімшарт 2030 жылдың маусымына дейін жасалған.

Жарнама
Жарнама

Соңғы екі маусымда Шешко Еуропаның үздік бес лигасында 23 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы ең көп гол соққан футболшы. 22 жастар ол өткен маусымда “РБ Лейпциг” сапында 21 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген және Словения құрамасында 2021 жылы ең жас дебютант атанып, қазіргі уақытқа дейін 41 ойын өткізіп, 16 голдың авторы болды.

Бенжамин Шешко:

“Манчестер Юнайтед” тарихы ерекше, болашағы жарқын клуб. Жобаны талқылаған сәттен бастап, бұл команданың өсіп, ең үлкен жүлделер үшін қайтадан таласуға дайын екені анық көрінді.

Келген сәттен бастап клубтың позитивті энергиясын және отбасыға тән орта қалыптастырғанын сездім. Бұл менің бар мүмкіндігімді ашып, барлық арманымды орындауға керемет жағдай. Рубен Аморимнен үйренуді және командаластарыммен бірге үлкен жетістіктерге жетуді асыға күтемін.”

Клубтың футбол директоры Джейсон Уилкокс:

“Бенжамин қорғаушыларды физикалық тұрғыдан басып озумен қатар, жарқылдаған жылдамдыққа ие сирек кездесетін шабуылшылардың бірі. Біз оның ойынын ұзақ уақыт бойы бақылап келдік, барлық деректер мен зерттеулер оның “Манчестер Юнайтедте” табысқа жету үшін қажетті қасиеттері мен мінезі бар екенін көрсетті.

Біздің үздік бапкерлік құрамның жетекшілігімен Шешко әлемдік деңгейдегі әлеуетін толық аша алады. Біз ең ірі трофейлер үшін таласатын команданы құруды жалғастыра береміз.”

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров