Жарнама
Жарнама

Беранек немiстерге емтихан тапсырады

25.03.2011, 20:04
Жарнама
Жарнама

Ертең Қазақстан құрамасының футболшылары Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу аясындағы кезектi ойынын Германия құрамасымен өткiзедi. Алман жерiнде жасыл алаңға шығатын елiмiздiң футболшылары өткен аптаның соңында Алматыға жиналып, немiс жерiне ұшып кеттi. Мұның алдында Қазақстан құрамасының бас бапкерi Мирослав Беранек елiмiздегi БАҚ өкiлдерiнiң басын қосып, баспасөз мәслихатын өткiздi.  Беранектiң де, бүкiл қазақ жанкүйерлерiнiң де дәл қазiр iштей бiр арманы бар. Ол арман, әрине, Кайзерслаутернде өтетiн ойында күйрей жеңiлмесек деген арман. Беранектiң Қазақстан құрамасының тiзгiнiн ұстағанына көп уақыт өте қойған жоқ. Ақпан айында Беларусь футболшыларымен өткен жолдастық кездесудi есепке алмасақ, бұл Беранектiң ресми түрде өтетiн алғашқы ойыны. Әзiрге Беранек бiз үшiн “жұмбақ бапкер”. Бернд Шторктiң кезiнде Қазақстан құрамасына керексiз боп қалған Самат Смақов, Қайрат Нұрдәулетов, Давид Лория сынды елiмiздiң майталман футболшыларын Беранектiң байқағаны қуантты бiздi. Алайда “Ақтөбенiң” капитаны Самат Смақов жарақатына байланысты немiстермен болатын ойынға шыға алмайды. Десек те, Беранек бапкер баспасөз мәслихаты кезiнде Смақовтың атына талай-талай мақтау сөздер айтты. Жарақатына байланысты Германияға бара алмаған Андрей Карпович, Александр Киров, Андрей Финонченколар жайлы да Беранектiң ниетi түзу екенiн байқадық. Осы аптаның ортасында Германия құрамасының бас бапкерi Йоахим Лев те Қазақстан құрамасына қарсы ойнайтын жiгiттерiн жанына жинады. Сайдың тасындай iрiктелген немiстердiң сапында, Құдай-ау, кiмдер жоқ дейсiз: Гомес, Швайнштайгер, Клозе, Өзiл, Мюллер, Подольский, Лам... Осылай тiзбектеле беретiн немiстердi ұту Беранектiң қолынан келер ме екен?! Не десек те, бұл ойын Беранектiң белiн майыстырғалы тұр. Мирослав Беранектен шақырту алған Қазақстан құрамасының футболшылары: Қақпашылар: Давид Лория (“Ертiс”), Александр Мокин (“Шахтер”), Андрей Сидельников (“Ақтөбе”); Қорғаушылар: Александр Кислицын (“Тобыл”), Фархатбек Ырысметов (“Ордабасы”), Қайрат Нұрдәулетов (“Локомотив”), Михаил Рожков (“Локомотив”), Ренат Абдуллин (“Восток”), Владислав Чернышов (“Ертiс”), Антон Чичулин (“Ақтөбе”), Юрий Логвиненко (“Ақтөбе”); Жартылай қорғаушылар: Азат Нұрғалиев (“Ордабасы”), Сергей Скорых (“Жетiсу”), Қазбек Гетериев (“Жемчужина”, Ресей), Максим Азовский (“Локомотив”), Ұлан Қонысбаев (“Локомотив”), Жамбыл Көкеев (“Шахтер”), Мақсат Байжанов (“Шахтер”), Евгений Аверченко (“Ақтөбе”), Дмитрий Шомко (“Локомотив”); Шабуылшылар: Сергей Хижниченко (“Шахтер”), Нұрбол Жұмасқалиев (“Локомотив”), Сергей Остапенко (“Жетiсу”), Сергей Лисенков (“Ақтөбе”). Сергей Каримов пен Генрих Шмитгальдi Мирослав Беранек Германиямен болатын ойынға шақырып едi. Алайда “жаңа қазақтар” жарақаттарына байланысты ойынға қатыса алмайды. Бүгiн және ертең Еуропа алаңдарында iрiктеу ойындары қайта жалғасын табады. Қазақстан құрамасы өнер көрсететiн А тобында Австрия мен Бельгия өзара кездеседi. 25 наурыз Австрия – Бельгия; Сербия – Солт.Ирландия; Словения – Италия; Люксембург – Франция; Венгрия – Голландия; Испания – Чехия. 26 наурыз Германия – Қазақстан; Ирландия – Македония: Армения – Ресей: Андорра – Словакия: Босния және Герцеговина – Румыния; Албания – Беларусь; Израиль – Латвия; Грузия – Хорватия; Мальта – Грекия; Болгария – Швейцария; Уэльс – Англия; Норвегия – Дания; Кипр – Исландия. Iрiктеу ойындарының мерген ойыншылары: 1. Хюнтелар (Голландия) – 8 доп; 2. Клозе (Германия) – 6 доп; 3. Форсселль (Финляндия) – 5 доп;

"Жас АЛАШ"

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров