Жарнама
Жарнама

Бердіқұловтың ізбасарлары

28.06.2013, 19:15
Жарнама
Жарнама
аладопЖазу  шекараны таңдамайды. Журналист кез-келген саланы жазуы ықтимал. Дегенмен жайшылықта көп жазарманға тым оңай көрінетін спорт саласын ұршықтай иіріп жаза білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені спорт  ауқымды сала. Оны осы саламен түпкілікті «ауырған» адам ғана жетер жеріне жеткізе жаза алмақ. Жалпы қазақтың спорт журналистикасы десе, алдымен еске оралатын есім  Сейдахмет Бердіқұлов. Одан кейін жұрттың есіне Несіп Жүнісбайұлы бірден түседі. Осындай ағаларының ізін жалғап келе жатқан спорт журналистері Жамбыл өңірінде де баршылық. Бір ауылдың жігіттері   [caption id="attachment_14919" align="alignright" width="250"]Ұлттық құрама капитаны Руслан Балтиевпен жасыл алаңда Ұлттық құрама капитаны Руслан Балтиевпен жасыл алаңда[/caption] Іргедегі Түркісіб ауылының үш бірдей ұланының таңдауы осы спорт тақырыбына түсті. Бүгінде республикалық «Алаш айнасы»  күнделікті қоғамдық саяси газетінде қызмет атқарып жүрген Азиз Оразбаев өзінің таңдауы туралы былай дейді: «2005 жылы Түркісіб ауылындағы А.С. Макаренко орта мектебін бітіргенмін. Сол жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне түстім. Бірінші курста "Арай" деген журналда қызмет еттім, екінші курста "Проспорт" газетіне штаттан тыс тілші ретінде орыс тілінде мақалалар жазып жүрдім. Көбіне сұхбат алатынмын. Ең бірінші сұхбатымды Денис Родионов деген футболшыдан алдым. Ол кезде "Алма-Ата" командасында ойнайтын. 2007 жылы "Дала мен Қала" газетіне спорт тілшісі ретінде қызметке орналастым. Бірақ кейіннен басқа да тақырыптарға жазып кеттім. Ал 2009 жылдан бастап "Алаш айнасына" келіп, содан бері тек спорт тақырыбында қалам тербеп жүрмін». Жалпы Азиз спорт журналисті ретінде футболдан ұлттық құраманың Антальядағы оқу-жаттығу жиынына қатысып, команданың дайындығын көзбен көріп қайтыпты. Тіпті кезінде Латвиямен тең түскен ойынды да көріпті. Одан бөлек Бакуге барып, Әзірбайжан мен Қазақстан құрамалары арасындағы матчты оқырманға егжей-тегжейлі жеткізді. Аяқдопқа әуес ол бүгінде Румынияға жол жүруге әзірленіп жатыр екен. Білуімізше Бухарестте  журналистер арасында әлем біріншілігі өтпек. Сол сында ел намысын абыроймен қорғауды көксеп отыр. [caption id="attachment_14921" align="alignleft" width="236"]Әсия Дайыр теннисші, "Астана фючерс" турнирінің жеңімпазымен Әсия Дайыр теннисші, "Астана фючерс" турнирінің жеңімпазымен[/caption] Түркісібтен шыққан тағы бір спорт журналисті  Ермұхамед Мәулен. Оның даусын жұртшылық бүгінгі күндері телеарнадан жиі естеп жүр. Еруопа чемпиондар лигасы мен еуропа лигасындағы матчтар және өзге де спорт түрлерін қамтыған трансляцияларды комментатор ретінде жүргізіп жүр ол. Жалпы Ермұхамед көптеген газет журналдарда қызмет атқарды. «Алматы ақшамы» газетінде де спорт саласын кеңінен қамтыды. «Спорт» басылымында да оның көлемді мақалалары жиі жарияланып тұрды. Бүгінде телеарналарда комментаторлық қызметтерді атқарып жүрген ол қосымша «Аладоп кз» спорт порталының редакторы қызметін де істеп келеді. Әлемдегі нөмірі бірінші спорт түрі саналатын футболдағы соңғы жаңалықтарды дер кезінде сайт оқырмандарына жеткізіп отырады. Аяқдоп әлеміндегі соңғы трансферлік ауысымдар, тағысын тағы мақалалар осы сайт бетінде оперативті түрде жазылып жүр. Оның таяуда ғана жазған сыни мақаласында еліміздегі футбол клубтарының сайттары қатаң сынға алынды. Тіпті «Тараз» футбол клубының да ресми сайты тек қана ресми тілде жұмыс жасап отырғанын да өткір сынап өткен. Осындай актуалды тақырыптарда жазған сараптамалары да көңілге қонымды. [caption id="attachment_14918" align="alignright" width="250"]"Тараз" футбол клубының ойыншы Мануэль Куртомен "Тараз" футбол клубының ойыншы Мануэль Куртомен[/caption] Түркісіб ауылының тағы бір түлегі Нұржан Туғанбай да спорт тақырыбына қалам тербеп жүр. Қалалық «Жамбыл Тараз» газетінде спорт бетін ойдағыдай әзірлеп, байрақты бәсекелерде ел абыройын арттырған саңлақтар туралы ақпараттық мақалаларды дер кезінде жаза білді. Бүгінде ол облыстық «Жамбыл спорт» басылымында өңірдегі спорт жаңалықтарын оқырмандарға дер кезінде таратып келеді. Облыстық «Арай» жастар газетіне де бірқатар спорттық тақырыптағы мақалалары жарияланған. Лондон олимпиадасынан қола медальді қоржынға салған Ақжүрек Таңатаорвтан жұртшылық шағын сұқбат алып жатқанда, Нұржан оперативті түрде кең көлемді сұқбат алып (бірінші болып), ол сұқбаты біздің газетте жарияланған болатын.  Сұқбат барысында еркін күрестің облыстағы қал ахуалы кеңінен қамтылды. Қатардағы журналистер құсап, «Құлағыңды тістегенде қандай күйде болдың?» деген сұрақтар қойған жоқ. Ұлттық құрамаға 4 дүркін  чемпион бола тұра, ертерек неге ілінбегенін, кезінде Ақжүректің орнына неге Леонид Спиридоновтың барғанын зерделеп сұрап, олимпиада жүлдегерін өткір сөйлете алды. Журналистің кәсіби біліктілігі  сұқбат берушімен диалогты аша түсу болса, Нұржан сол сұқбатында аталған үдеден шықты. Бұдан бөлек Нұржан Туғанбай «Күлтөбе.кз» ақпараттық порталының бас редакторы ретінде қоғамдық-саяси тақырыптардағы мақалаларды да жаза білді. Дегенмен спорт тақырыбындағы тағы бір қолжазбасын айта кеткен жөн шығар. Таяуда ол «Тараз футбол» клубының жай күйі, өткелде бапкер ауыстырған команданың алдағы ахуалы туралы тарқатып жазды. Әріптестерінің пікіріне тоқталды. Журналистің кәсіби біліктілігінің бір қыры  жеке тұжырым жасамау болса, Нұржан сол үдеден шығып, команданың қазіргы психологиялық ахуалын мамандарды сөйлету арқылы обьективті бағасын берді. Бұл да жас журналистің қаламының қарымы қалыптаса бастағанын аңғартса керек. Бүгінде Нұржан Туғанбай облыстық «Қазақстан Тараз» телеарнасы арқылы «Тараз» футбол клубының өз алаңында өткізген әр матчында комментаторлық қызмет атқарып жүр. Иә, спорт саласы қиын да күрделі сала. Оны зерделеп, жеті рет пішіп, бір рет кесіп жазбасқа тағы болмайды. Футболшы туралы жаздың ба, оның техникалық артықшылықтары, негізгі фишкасын, жалпы тұлғалық болмысын түгел көрсете білуің керек. Бұл үдеден шығып жүрген Жамбыл өңірінен шыққан спорт журналистері баршылық. Оларға қаламдарың қарымды болсын дейміз!   Табиғат Абаилдаев, Жамбыл облыстық «Ар-Ай» газеті
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
Испания құрамасы финалда!
Келесі жаңалық
Байқау-3