Жарнама
Жарнама

Бердыев Қазақстанға келуі ықтимал

29.04.2020, 02:18
Ресейлік танымал агент Алексей Сафонов Чемпионат басылымына берген сұхбатында Құрбан Бердыев Қазақстанға оралып, құраманың немесе «Қайраттың» бас жаттықтырушысы бола алады дейді.
Жарнама
Жарнама

Бұған дейін 67 жастағы Бердыев жаңа команда іздей бастағаны және жас мамандардан құралған бапкерлік штаб құрып жатқандығы белгілі болды. Осыған орай оның агенті бірнеше нұсқаны қарастырып көрді және өз сұхбатында Қазақстанға тоқталды:

— Тағы бір нұсқа — Қазақстан құрамасы немесе «Қайрат». Егер маңызды міндеттер үшін және тиісті қаржылық жағдай болса, мен келісемін деп ойлаймын.

— Қашан?

— Асығу керек пе? Бердыевте лайықты түрде тыныш демалуға және таңдау жасауға уақыт бар.

Бердыевке үш жыл бұрын Боранбаев ұсыныс тастаған, дейді Сафонов

Естеріңізге сала кетсек, футболшы ретінде Бердыев алты жыл «Қайратта» ойнады. Ол өзінің бапкерлік мансабын 1986 жылы Жамбылдағы «Химиктен» бастады (қазіргі «Тараз»), содан кейін «Қайрат» пен «Мұнайшыны» (қазіргі «Каспий») баптады. Бердыев Қазақстаннан 1996 жылы кетіп, туған өлкесі Түрікменстанға оралып, сол жерден Ресейге кетті.

2001 жылдан 2013 жылға дейін және 2017 жылдан 2019 жылға дейін Бердыев «Рубинді» жаттықтырды, онымен бірге екі рет Ресей чемпионы болды. 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін ол «Ростовта» жұмыс істеді, онымен бірге Премьер Лиганың күміс жүлдесін жеңіп алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров