Жарнама
Жарнама

Берлинге дейінгі жол. "Барселона"

05.06.2015, 05:50
Жарнама
Жарнама
Они дошли до Берлина. «Барселона» Сенбі күні "кәрі құрлықтың" басты турнирінің финалы өткелі отыр. "Барселона" мен "Ювентус". Турнир барысында айқындалған анық фаворит пен Чемпиондар Лигасының тосын сыйы. Қос команданың да жарыс жолын еске түсіргелі отырмыз. Турнир барысында әр елдің чемпиондарын тоқтатумен ғана айналысқан "Барселонадан" бастамақпыз.  Топтық кезең Католондықтар түскен топ аса қиын болды деп айтуға келмес. Сүрінбей шығатыны күмәнсіз еді. Бар сұрақ, кімнің бірінші орынмен плей-оффқа жолдама алатыны болған. Кипр чемпионына қарсы алғашқы турдағы жеңістен кейін команда Парижге аттанады. Екі-үш жолы бойы қаржы аямай құйылған команда, Еуропаның алпауыттарына қарсы тұра аларлықтай деңгейге жетті-ау деп күтілген. Иә, ойын да, таблодағы нәтиже де сондай әсер қалдырды. Топтық турнирдегі ең әдемі ойын деп бағаланған матчта ПСЖ жеңімпаз атана алды. Ал, "Барселонаға" төңірегінде сұрақ көп еді. Ішкі біріншілікте де "Реалды" алысқа ұзатты. Чемпиондар Лигасында да "ПСЖ"-дан айла асыра алмай жатыр. Бірақ, жаңа жылдан кейін бәрі өзгерген еді. Бұл жерде Луис Энрикенің даналығы шешуші рөл атқарды. Мессимен дер кезінде ара-қатынасты түзеді. Суареске де Месси мен Неймардың арасынан алаңда орын тауып бере алды. Нәтижесінде, бүгінгі "Барселонаны" көріп отырмыз. Топтық турнирге оралар болсақ, "Аякс" пен "АПОЭЛ"-ға қарсы ойындағы кезекті күмәнсіз жеңістерден соң, қайта "ПСЖ"-мен кездеседі. Бұл жолы Камп Ноуда. Бірақ, қарымта кездесуде блауграна, аспанда қалықтаған париждіктерді жерге бір-ақ түсірді. Шабуылдағы, енді-енді бір-бірін түсініп келе жатқан үштік қонақтардың қорғанысына тыным берген жоқ. Златанның бір голына үшеуі де жауап қатты. Сөйтіп, топтағы бірінші орынға иелік етіп келесі кезеңге аттанған еді. 1/8 финал Жеребе бір жыл бұрын "Барселонадан" әбден "қорқып" қалған "Манчестер Ситиді" сыйлады. Ағылшындар есе қайтаруға тырысады деп күттік, шыны керек. Бірақ, қалай еді әлгі.. Ит үреді, керуен көшеді дей ме.. Қаржымен аз уақытта әлем футболын бағындырамыз деген арманшыл шейхтардың сенім артқан сарбаздарын "Барселона" елеген де жоқ. Алғашқы кездесудегі қалалықтардың ойыны нағыз масқаралық еді. Өз алаңында, өз жанкүйерлері алдында шайқасып, қаза тапса ерлікпен табудың орнына, қорғанысқа тығылды да қалды. Нәтижесінде өздеріңе тиімді есепті еншілеген "Барса", қарымта кездесуде жаяу жүріп тағы да жеңіске жетті. "Манчестер Сити" балаққа жармасқан кәндек итше шәуілдеді де қалды. Одан әрі аспады, аса алмады. Кәндектің төбетке шамасы келуші ме еді? 1/4 финал Үздік сегіздіктің жеребесінің қорытындысы бойынша, "Барса" ескі танысымен жолығуға тура келді. Топтық турнирдегі бір ойында "ПСЖ" католондықтардың жолына бөгет бола алғаны есімізде. Сонымен қатар, "ПСЖ" өткен кезеңдегі қарсыласына өте, өте ұқсас еді. Тағы да бір шейхтың "ермегі". Өз үйіңде ойран салғанмен, өзгеге "еу" деуге де шамасы жетпейді дегендей, "Манчестер Сити" де, "ПСЖ" да өз еліңде чемпион атанғанымен, Еуропаның мықты ұжымдарына қарсы тұруға қауқары жетпейтін еді. Себебі, екі командада да өте осал жаттықтырушылар. Пеллегрини "Малагамен" айды аспанға шығара алады, Блан "Бордомен" Чемпиондар Лигасының ширек финалына шыға алады. Ешкім күтпеген кезде. Ол үшін мың тағзым. Бірақ, екеуі де топ-клубты басқара алмайтының екінші жыл қатарынан дәлелдеп отыр. Бірақ, бұл жолғы қарсыласы батылырақ болды. Қос ойынның алғашқы он бес минутында дейік. Дәлірек, 180 минуттың 15 минутында. Алайда, нәтиже өзгерген жоқ. Католондықтар жарыс жолын жалғастырды. 1/2 финал  Соқыры жеребе білгенінен жаңылмады. "Барселонаға" кезекті мәрте чемпиондарға қарсы ойнауға тура келді. "АПОЭЛ", "Аякс", "Манчестер Сити", "ПСЖ". Енді "Бавария". Тең ойын болады деп болжанды. Әрине, "Баварияның" сапында жарақат алған футболшылары бары бар. Бірақ, немістердің мінезі де бар. Бірінші кездесу Католонияда өтті. Матч алдында текетірестің тағдыры осы ойында шешіледі десе ешкім сенбеген болар еді. Тіпті, ойынның 75-ші минутына дейін сенбедік. Алайда, бәрін Месси шешіп кетті. Матчтың тағдырын, финалға жолдаманың тағдырын. Ал, "Альянс-Аренадағы" ойын жанкүйерлерге қос команданың сыйлаған кішігірім шоуы еді. Соңғы аялдама-Берлин Луис Энрикенің алғашқы маусымда-ақ командамен бірден үш трофейді еншілеуіне мүмкіндік бар. Гвардиоланың жетістігін қайталайтын сәт туып тұр. Қол астында ғажап команда. Шайқасқа сақадай сай сарбаздар. Месси, Суарес секілді жігіттерге артық сөз айтудың қажеті де жоқ. Бәрін түсінеді. Ендігі сұрақ, "Барселона" Еуропа шыңына шығып, кем дегенде 2-3 жыл тұра ала ма? Осы қызық. Берлинде жеңіске жетсе, католондықтардың соған жасаған алғашқы қадамы болмақ.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров