Италияның бұрынғы Премьер-министрі Сильвио Берлускони өзі иесі болып табылатын «Милан» футбол клубын басқаруға дайын.
«Мен қайтадан «Миланның» президенті бола аламын ба? Әрине,», - деп итальяндық журналист Бруно Веспыдың қойған сауалдарына жауап берген экс-премьер.
Бұрынғы премьер футбол клубының президенті лауазымынан 2008 Италияның министрлер Кеңесінің төрағасы орынтағына отырғаннан кейін кеткен болатын. Ол «Миланды» 1986-дан 2004-ке деін және 2006-дан 2008 жылға дейін басқарды, деп хабарлайды Yтро.ru.
«Милан» ФК 1986 жылдан бері Сильвио Берлусконидің иелігінде.
BNews.kz сайтынан