Бернарду Силва «ПСЖ-ға» барады

16.02.2024, 16:00

Франциялық топ клубтың басты жұлдызы Киллиан Мбаппе маусым соңында кететінін мәлімдеген болатын. Париждік команда енді оның орнын ойсыратпауды ойлап отыр.

Сол үшін осы жазда Париждік ұжым үш жаңа футболшыны қатарына қоспақшы. Кей дереккөздерге сенсек, бұл тізімде «Манчестер ситидің» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва да бар көрінеді.