Жарнама
Жарнама

БЕРНД ШТОРК ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТА ОРАЛДЫ

01.03.2011, 18:15
Жарнама
Жарнама
“Қайтып келген … жаман”. Қазақстан құрамасын “алға сүйреп”, біраз “жетістікке” жеткен неміс маманы Бернд Шторк шет елден жұмыс таппаған сыңайлы. Бізге белгілі болғандай, Шторк мырза Қазақстанның 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамасына аға жаттықтырушы һәм “Цесна” футбол клубының техникалық директоры болып тағайындалыпты. Бұл туралы бүгін түс ауа өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Тағы да қош келдіңіз дейміз, Бернд мырзаға! Бұл маман енді бізге қандай сый дайындады екен,ә? Баспасөз мәслихатында сөз алған Шторк Қазақстанға қайта оралғанына қуанышты екенін жеткізді: “Қазақстанға қайта оралам деп ойласам да, тез арада қайтып келем деп ойламаппын. ҚФФ жаңа жоба жасап жатыр. Енді мен бұл жобаның басы қасында жүріп, Қазақстан футболының дамуына үлес қосам. Мен мұнда екі апта бұрын келіп, жасөспірімдердің аяқ алысын байқадым. Енді іске кірісуге болады”
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров