Жарнама
Жарнама

«Бернли» бас бапкерін қызметінен босатты

15.04.2022, 22:03
50 жастағы маман команданы тоғыз жылдан астам уақыт бойы баптады.
Жарнама
Жарнама

«Бернли» Шон Дайчтың бас бапкер қызметінен босатылғанын хабарлады. 50 жастағы маман команданы тоғыз жылдан астам уақыт бойы баптады. Бұл Ағылшын Премьер-лигасының қазіргі бапкерлері арасындағы ең жақсы көрсеткіш болып табылады.

«Біріншіден, «Бернли» Шон Дайчқа және оның қызметкерлеріне клубтағы жетістіктері үшін шынайы алғысын білдіреді. «Тёрф Мурда» болған уақытында Шонды алаңда да, одан тыс жерде де ойыншылар, қызметкерлер, жанкүйерлер және жалпы футбол қауымдастығы сыйлады.

Дегенмен, биылғы маусымдағы нәтиже көңіл көншітпейді. Бұл өте қиын шешім болды, өйткені маусымның аяқталуына небәрі сегіз ойын қалды. Бірақ біз «Бернлидің» Премьер-лигада қалу мүмкіндігін арттыру үшін өзгерістер қажет деп санаймыз», - деді клуб президенті Алан Пейс.

Ағылшын Премьер-лигасының ағымдағы маусымында «Бёрнли» 30 матчта 24 ұпай жинап, турнир кестесінде 18-ші орында тұр.

Дайчтің кезінде «Бернли» екі рет Чемпионшиптен Премьер-лигаға шықты. Сондай-ақ Шонның жетекшілігімен команда 50 жылда алғаш рет еурододаға, атап айтсақ 2018/2019 жылғы маусымда Еуропа лигасына қатысты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров