Жарнама
Жарнама

«Бернли» «Манчестер Ситидің» аңыз ойыншысын бапкер етуі мүмкін

01.05.2022, 00:47
Үміткерлер тізімінде Уэйн Руни де бар.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Ситидің» бұрынғы қорғаушысы Венсан Компани «Бернлидің» жаңа бас бапкері атануы мүмкін, деп хабарлайды The Telegraph.

Дереккөздің айтуынша, клуб басшылығы бельгиялық маманды шақыруға мүдделі болып отыр. Сонымен қатар «Дерби Каунтидің» бас бапкері Уэйн Руниге де қызығушылық танытуда. Қазіргі уақытта «Бёрнли» 31 ұпаймен Премьер-лига кестесінде 17-ші орында тұр.

Компани - «Андерлехттің» түлегі. Ол 17 жасында бельгиялық клуб сапында дебют жасап, 2006 жылы «Гамбургке» ауысты, ал екі жылдан кейін «Манчестер Сити» ойыншысы атанды. 2020 жылдың тамызында Венсан «Андерлехт» клубында бапкерлік мансабын бастады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров