Жарнама
Жарнама

Бес футболшы алмастыру ережесі келесі маусымда да жалғасады

16.07.2020, 02:08
Келесі маусымға керегі жоқ еді
Жарнама
Жарнама

Келесі маусымда әлемдік футболда бір матчта бес ойыншы алмастыру мүмкін болады, деп хабарлайды Sky Sports Халықаралық футбол қауымдастықтарының кеңесіне сілтеме жасап. Тиісті шешім кеңестің кезекті бір отырысында қабылданды.

Бес футболшы алмастыру ережесін қолдануға рұқсатты әр лиганың ұйымдастырушылары беретіндігі баса айтылды. Яғни, ереже барлық лигалар үшін міндетті болмайды.

Еске салайық, футболда ұзақ үзілістен кейін ойыншылар үлкен жүктемеге төтеп бере алмайтындықтан осы ереже қабылданған еді. Бес футболшыны алмастыруға рұқсат беру ойыншыларға жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров