“Бешикташ” бас бапкеріне байланысты шешім қабылдады

Стамбұлдық “Бешикташты” келесі маусымнан бастап Нури Шахин жаттықтыратын болады.

“Қырандар” клубының президенті Хасан Арат мамыр айынын басында Нури Шахинмен Германияда кездесті. Сол кезде қос тарап бір мәмілеге келіп, нақты шешім қабылдады. Дортмундтық “Боруссия” бапкерінің көмекшісі саналатын Нури Шахин келесі маусымнан бастап “Бешикташты” баптайтын болады. 

Айта кетейік, Шахин 2021 жылдың қазан айынан 2023 жылдың соңына дейін “Антальяспордың” бас бапкері қызметін атқарды

“Бешикташта” отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.