“Бешикташ” командасы жолдастық кездесу өткізді

Бақтиер Зайнутдинов ойнайтын “Бешикташ” “Истанбулспор” ұжымына қарсы жолдастық кездесу өткізді.

Стамбұлда болған ойын 2:1 есебімен “Бешикташ” пайдасына шешілді. Матчтағы алғашқы голды қонақ команда Модестас Воробьевастың көмегімен соққан болатын. Алайда екінші таймда “ақ-қаралар” Энес Чинэмре мен Дженк Тосунның голдары арқасында жеңісті жұлып әкетті. 

Отандасымыз бұл ойынға қатысатын футболшылар тізіміне мүлдем еңген жоқ.

Қазіргі сәтте “Бешикташ” 47 ұпаймен Түркия Суперлигасының 4 орнында келеді.