«Бешикташ» Зайнутдиновты Еуропа Лигасының тізіміне қосты

05.09.2024, 10:57

Түркияның «Бешикташы» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновты Еуропа Лигасының – 2024/2025 жылғы топтық кезең матчтарының тізіміне енгізді.

Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасының сапында

Қазақстандық жартылай қорғаушы «Бешикташтың» «Айнтрахт», «Аякс», «Маккаби» (Тель-Авив), «Лион», «Мальме», «Буде-Глимт», «Атлетик» (Бильбао) және «Твентеге» қарсы кездесулеріне қатысатын футболшыларының жалпы тізіміне енді. Түркия Суперлигасының жаңа маусымында «Бешикташ» үш ойында 3 рет жеңіске жетіп, турнирлік кестенің үшінші сатысына жайғасқан.

Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташқа» былтыр тамызда «ЦСКАДАН» ауысып барған болатын. Түркиялық топ-клуб қазақстандық футболшы үшін 4,5 миллион еуро төледі.