Жарнама
Жарнама

“Бешикташ” Әзербайжан чемпионатында өнер көрсететін ойыншыны өз қатарына қосқысы келеді

Ыстамбұлдық ұжым Карабах аяқдопшысы Жуниньомен келісімге келудің қолайлы шарттарын жоспарлауда екен.

Жарнама
Жарнама

Агдам клубы өз ойыншысы үшін 8 млн еуро алғысы келеді. Егерде нақты бір ұсыныстар болса, Жуниньоға жеңілдік қарастырылмақ. Түрік ұжымы бразилиялықты 8 млн тұратын футболшылар қатарына кіргізіп отырған жоқ. Былайша айтқанда, қымбатсынуда. Алайда соған қарамастан, “Бешикташ” күдерін үзбей “Карабахтың” бір тоқтамға келгенін күтпекші. 

27 жастағы шабуылшы “Карабах” үшін жалпы алғанда 45 ойын өткізіп, 25 гол мен 8 голдық пастың авторы атанды. 

Дәл қазіргі сәтте “Бешикташ” ФК Түркия Суперлигасының 31-тур қорытындысы бойынша 47 ұпаймен 4 орында келеді. Ыстамбұлдық ұжым үздік үштікке кіру үшін 5 ұпай жинауы тиіс. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: