Жарнама
Жарнама

“Бешикташтың” бапкері қызметінен кетті

2025 жылдың қаңтар айынан бері “Бешикташ” тізгінін ұстаған Уле-Гуннар Сульшер жұмыссыз қалды. Оның орнын алдағы уақытта 52 жастағы Серген Ялчын басатые болады. 

Жарнама
Жарнама

Стамбұлдық ұжым кеше ғана Конференция Лигасының жалпы кезеңінің жолдамасына таласта швейцариялық "Лозанна" клубына қос матч қорытындысы бойынша 1:2 есебімен есе жіберді. Соның кесірінен түркиялық команда биыл еуромаусымсыз қалды.

Аталған сәтсіз кездесуден кейін қырандар ұжымының басшылығы норвегия бапкерімен келісім шартты ұзартудан пайда болмасын түсініп, оны қызметінен қуды.

Жалпы Уле-Гуннар Сульшер “Бешикташ” тізгінінде 29 матч өткізіп, 15 ойында жеңіп, 5 ойында тең ойнап, қалған 9 кездесуде жеңіліс тапқан болатын. 

Айта кетейік, 52 жастағы маман өз мансабында “Манчестер Юнайтед”, “Мольде” және “Кардифф” клубтарын жаттықтырды. 

 

 

 

 

 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров