Жарнама
Жарнама

«Бешикташтың» бас бапкері Оле Гуннар Сульшер Бахтиер Зайнутдиновқа сенім артады

16.03.2025, 11:57

Стамбулдық «Бешикташтың» бас бапкері Оле Гуннар Сульшер командасында жарақат алған футболшылар туралы айтып, қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновтың жағдайын да тілге тиек еткен.

Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында
Жарнама
Жарнама

«Йонас Свенсон мен Зайнутдинов жарақат алған, халықаралық үзілістен кейін олар команда сапында болады деп үміттенемін», - деді норвегиялық маман. 

Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов стамбулдық клуб үшін қаңтардан бері өнер көрсетпеді. Соңғы рет жартылай қорғаушы 26-қаңтарда «Антальяспорға» қарсы матчта алаңға шыққан. Алайда, футболшы ӘЧ-2026 іріктеукездесулеріне қатысады деген үміт әлі де сақталуда. Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы осы жайлы жуырда өз ойын жеткізген болатын. 

Ұлттық команда бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев: 

«Бақтиер Зайнутдиновтің де жарақаты бар, алайда ойыншымыз қатарға 17 наурызда қосылып, қосымша медициналық қаралымнан өтеді. Біздің дәрігерлер оны толық тексереді. Қаралымның қорытындысы бойынша алдағы ойындарға қатысу-қатыспауы туралы шешім қабылданады». 

Айта кетейік, ұлттық құрама ӘЧ-2026 іріктеуінде J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен шеберлік байқаспақ. Алғашқы екі турда Қазақстан Лихтенштейн және Уэльске қарсы кездесу өткізеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров