“Бешикташтың” Түркия Кубогының финалындағы қарсыласы анықталды

Түркия Кубогының екінші жартылай финалдық кездесуі өтті.

“Фатих Карагюмрюк” өз алаңында “Трабзонспор” командасынан 4:0 есебімен оңбай ұтылды. Ойында Пол Онуачу (54’ минут), Таксиархис Фунтас (69’ минут) және Умут Бозок дубль авторы атанды (73’ (пен), 77’).  

Қос ұжым арасындағы алғашқы кездесуде де “Трабзон” футболшылары басымдық танытқан болатын 3:2. 

Екі ойынның қорытындысы бойынша “Фатих Карагюмрукты” сенімді жеңген “Трабзонспор” Түркия Кубогының финалында “Бешикташпен” бақ сынасады. Ыстамбұлдық ұжым аталған ойын алдында “Анкарагюджю” клубын әзер дегенде жеңді (0:0, 1:0). 

“Бешикташ” пен “Трабзонспор” арасындағы финалдық кездесу 23 мамыр күні өтеді деп жоспарланған. Жалпы “ақ-қаралар” Түркия кубогынде 10 рет жеңімпаз атанған, ал қарсылас “Қаратеңіз дауылдары” лақап атымен танылған ұжым сөзімізге арқау болған турнирде 9 рет чемпион болуға лайық деп танылды. 

Материалда: