“Бетис” бен “Реал Мадрид” командалары Ла Лиганың кезекті туры аясында жеңімпазды анықтай алмады

10.12.2023, 04:27


Ла Лиганың 16-туры аясында бақ сынасқан “Бетис” бен “Реал” ұжымдары 1:1 есебімен тең тарқасты.

Бұл ойында салынған қос гол екінші таймда таблоға енді. Алғашқы болып матчтың 53 минутында “Реалдың” қазіргі көшбасшысы Джуд Беллингем есепті ашты. Алайда кездесудің 66 минутында “Бетистің” қаптал қорғаушысы Руибаль ерекшеленіп, алаң қожайындарының есепте теңесуіне мүмкіндік берді. Осылайша жеңімпаз анықталмаған бұл матч 1:1 есебімен аяқталды. 

Кезекті ойынынан үш ұпай ала алмаған “Реал” артынан қалмай еріп келе жатқан “Жиронаның” көш басына көтерілуіне жағдай жасады десек қателеспегеніміз. Ендігі кезекте аталған ұжымдар арасын тек 1 ұпай ғана бөліп тұр.