Жарнама
Жарнама

«Бетис» футболшысы Еуропа лигасының тарихына енді

16.09.2022, 17:27
Тәжірибелі футболшы кеше өз командасына жеңіс сыйлады.
Жарнама
Жарнама

«Бетистің» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Хоакин футбол тарихына Еуропа лигасында гол соққан ең егде жастағы (41 жас 56 күн) ойыншы ретінде енді.

Испаниялық футболшы бұл рекордты Еуропа лигасының 2-турында «Лудогорец» командасымен болған ойында жасады. Хоакин матчтың 39-минутында өз командасының екінші голын соқты. Ал кездесу 3:2 есебімен «Бетистің» пайдасына шешілді.

Еске салайық, Хоакин «Бетиске» 2015 жылы «Фиорентинадан» ауысып келді. Футболшы 1999-2006 жылдар аралығында «Севилья» клубында ойнаған. Одан кейін «Валенсия» мен «Малага» командаларында да доп тепті. Өткен маусымда футболшы 21 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берген екен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров