Жарнама
Жарнама

«БИІК-Шымкент» Қазақстан чемпионы атанды

12.10.2021, 16:10
Шымкенттік клуб ел біріншілігінде он мәрте топ жарды.
Жарнама
Жарнама

Шымкенттік «БИІК» оныншы чемпиондық титулын мерзімінен бұрын жеңіп алды. Чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда Калоян Петков шәкірттері алтыннан алқа тағынды.

Екінші орынды түркістандық «Томирис-Тұран» иеленді, үздік үштікті «Оқжетпес» (Көкшетау) түйіндеді. 9 қазанда жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Чемпионат қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды:

  • Үздік қақпашы - Айтач Шарифова («Оқжетпес»);
  • Үздік қорғаушы - Анастасия Власова («Оқжетпес»);
  • Үздік жартылай қорғаушы - Камила Құлмағамбетова («БИІК-Шымкент»);
  • Үздік ойыншы - Бегайым Кырғызбаева («Оқжетпес»);
  • Ең үздік сұрмерген - Гульнара Габелия («БИІК-Шымкент»)
  • Маусымның үздік голы - Әйгерім Айтымова («Томирис-Тұран»).
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров