Жарнама
Жарнама

Билек: «Біз үшін қай клуб ойыншыларының ойнайтыны маңызды емес, бастысы нәтиже керек»

06.09.2020, 21:28
Кешегі матчқа «Астананың» бірде-бір ойыншысы шыққан жоқ.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек УЕФА Ұлттар лигасының алдағы Беларуссияға қарсы ойыны туралы пікір білдірді.

- Зайнутдиновтың жағдайы қалай? Ол ертең ойнай ма?

- Біз әлі білмейміз. Бахтиердің ойнайтындығы туралы кешкі жаттығудан кейін айта аламыз. Тағыберген Литвамен матч алдында алған жарақатына байланысты ұлттық құраманың орналасқан жерінен кетіп қалды.

- Ертеңгі матчтан қандай үміт күтесіз?

- Бүгін біз Беларуссияның Албанияға қарсы ойынын (0:2) тамашаладық. Литвадағы алғашқы ойында жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымын. Бұл біз үшін өте маңызды ойын болды. Ертең қиын кездесу өтеді, өйткені жеңілістен кейін Беларуссия жеңіске жетуге тырысады. Егер біз Литваға қарсы матчтағыай ойнасақ және дайындалатын болсақ, онда бізде 3 ұпай алуға мүмкіндік бар деп ойлаймын.

- "Астананың" ойыншылары ертең негізгі құрамда шыға бола ма?

- Матчқа бар күшін салып, жүрегімен ойнайтын ойыншылар шығады. Біз үшін қай клуб ойыншыларының ойнайтыны маңызды емес, бастысы нәтиже керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров