Жарнама
Жарнама

Билет бітті! “Қайрат” – “Реал Мадрид” билеттері толық сатылып кетті

24.09.2025, 07:00

"Қайрат" пен "Реал" арасындағы Чемпиондар Лигасының екінші турындағы кездесуге арналған билеттер сатылымға шыққаннан кейін бірнеше сағат ішінде түгелімен таусылды.

Жарнама
Жарнама

Билеттерді сату кеше сағат 17:00-де басталып, жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық туғызды. Ticketon сайтына бірден көп адам кіргендіктен, техникалық қиындықтар туындады. 23 804 адамға арналған стадионға билеттерге таласқан желіде 220 мыңдай қолданушы кезекте тұрғаны хабарланды.

Қазіргі таңда барлық билеттер сатылып, ресми сатылым нүктелерінде "Барлық билеттер сатылды” деген хабарлама ілінді.

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров