Жарнама
Жарнама

«Бір гол ұрдың ба, қысымды одан ары күшейте түсу керек...». «Қайратты» бірінші ойында-ақ «жойып» жібермекші "Селтиктің" жоспары осындай екен

18.08.2025, 11:17

«Селтиктің» канадалық қорғаушысы Алистер Джонстон ЧЛ плей-офф кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы ойын қарсаңында пікірін айтып, командасының мақсатымен бөлісті.

"Селтик" футболшылары голдарын тойлауда
Жарнама
Жарнама

Естеріңізге сала кетейік, «Селтик» - «Қайрат» арасындағы бірінші ойын 20-нан 21-не қараған түні Глазго қаласында болады.       

- Қиын ойын болады деп ойлаймын. «Астанаға» қарсы ойнаған жігіттерден сұрастырғам. Жауапты матч алдында оларда тиімді нәтиже болған, бірақ ол жақта барлығы да мүмкін. Алыс сапар, сағат белдеуінің ауысуы, мұның барлығы әсер етеді. Сырт алаңдағы кездесу оңай болмайды. Сол үшін қолайлы жағдай мен жанкүйерлеріміздің қолдауы болатын өз алаң басымдығын барынша пайдаланып қалуымыз керек.  Бірақ, бәрібір босаңсуға жол жоқ. Бұл екі ойыннан тұратын теке-тірес және бірінші бәсекені өз үйімізде өткіземіз. Сондықтан, бір гол ұрдың ба, қысымды одан ары күшейте түсу керек, бұл ойынға осындай көңіл-күй қажет. Бұл 90 минутқа жалғасады және оның бірде-бір минутын бос жіберуге болмайды», - деді футболшы «Daily Mail-ге» берген сұқбатында.

Командалардың жауапты кездесуі 26-тамызда Алматыда болады.      

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров