Жарнама
Жарнама

Бір маусымда 4 рет жарақат алған

Бахтиер Зайнутдинов 2024/25 жылғы маусымның өзінде жарты жылын жарақатын емдеумен өткізген.

Жарнама
Жарнама

Жалпы ел құрамасының ойыншысы өз мансабында мұрнын сындырды, жамбасына зақым келтірді, миы шайқалды, шатына от жасатты. Бірақ оның барлығы Бақтиердың ахилл сіңірін созып алған жарақатынан ауыр болмады. Соның кесірінен жартылай қорғаушы 110 күн бойы жаттығуға қатыса алмай жүрді. Негізі футболшының бұндай жағдайға түсуі таңғаларлық жағдай емес. Қазақстандықтың мансабындағы жарақаттар тізімін қарай отырып, тенденит диагозонына көзім шалды. Зайнутдинов соңғы екі маусымда 8 рет жарақат алып, нәтижесінде созылмалы дертке шалдыққан. Алдыңғы жараларын көп дегенде 1 айда емдетіп шығатын ойыншының қалыпқа келу мерзімі қазірде 2-3 айға дейін созылған.  

Бахтиер ел құрамасының қыркүйектегі Уэльс пен Бельгияға қарсы кездесулеріне көмектесе алмайтын естідік. 27 жастағы ойыншы "Бешикташта" алған ауыр жарақатынан әлі де толықтай айыға алмай келеді екен. Құрама қосынына сол себептенде қосылмаған Зайнутдинов “Динамо” Мәскеу клубының дәрігерлерінің бақылауында болады. Олар келер аптада Бақтиердың алаңға шығу-шықпауына байланысты нақты шешім қабылдамақ. 

Айта кетейік, Бахтиер жиі мазалайтын жарақатының барына қарамастан, Мәскеу ұжымы сапында осы маусым барысында 4 матч өткізді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров