Отандық бапкер Асқар Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына сұқбат беріп, қазақстандық командалардың Еурокубоктердегі өнерін бағалап, басты проблемаларына тоқталды.
- Асқар Сейдахметұлы, бізде чемпионат қызып тұр. Бірақ Еурокоубоктердегі командаларымыздың ойынынан ерекше ештеңе байқалмайды. Қайта маусымды енді бастап жатқан қарсыластар ширақ көріне ме?
- Қарсыластарға бұл жағынан проблема жоқ меніңше. Ол жақтарда чемпионаттың басталмағаны керісінше бір плюс болуы да ықтимал. Еуропадағы бүкіл клубтар ресми турнирлер қарсаңында дайындықтарын бастап кетеді. Ресми ойындары бар, жолдастық кездесулер өткізіп дегендей. Сол үшін ол біздің командаларға қарағанда тіпті тың болып келе ме деп те ойлаймын. Мәселен, өткендегі қос клубымызға тағы бір тоқталсақ – «Ақтөбеге» Еуропадағы мықты команданың бірі жолықты. Польшалық клубтың деңгейіне әлі алыс ақтөбеліктерге. Ал «Ордабасының» басты проблемасы – шабуылшыларының төмен нәтижелілігінде. Сондай-ақ, Еурокубоктік тәжірибесі де аздау болды».
Кеше «Қайрат» ЧЛ 2-іріктеу кезеңінің бірінші кездесуін өткізіп, сырт алаңда финляндиялық «КуПС» клубынан ұтылды 0:2. Енді жауапты матч бір аптадан кейін Алматыда болады. Қазақстан атынан Конференциялар Лигасында «Астана» мен «Ақтөбе» сынға түседі. Қос клуб 2-іріктеу кезеңінде бақ сынамақ.
Біздің серіктес: FONBET