Аргентина мен Бразилияның арасына қысылған, аумағы «бір тамшы» Уругвайдың футболдағы шеберлігіне қазір бүкіл ел таңдай қағуда. Әлемдік сында Оңтүстік Америка бойынша бірінші болған уругвайлықтар, бұл статусты енді құрлықтық сында дәлелдеуге тырысуда. Талпыныс әзірге еш кетіп жатқан жоқ. Аргентинада өтіп жатқан Америка кубогының финалына шыққан Уругвай талай жылдан бері арман болған чемпиондық атаққа бір табан жақын.
Перу елінің футблында да өрлеу бар. 2010 жылғы ӘЧ іріктеу сынында соңғы орын алған Перу екі жылда күш жинап үлгерді.
ПЕРУ – УРУГВАЙ – 0:2 (0:0)
Голдар: Суарес, 52 (0:1). Суарес, 57 (0:2).
Перу: Фернандес, Вильчес, Родригес, Акасьете, Кармона, Адвинкула (Лобатон, 60), Бальбин (Бальон, 90), Йотун (Чироке, 53), Крусадо, Варгас, Герреро.
Уругвай: Муслера, Макси Перейра, Лугано, Коатес, Касерес, А.Гонсалес, Гаргано (Эгурен, 70), Аревало Риос, А.Перейра, Форлан, Суарес (Эрнандес, 70).
Ескертулер: Йотун, 1. Суарес, 12. Гаргано, 12. Бальбин, 59. Лугано, 66. Лобатон, 74.
Алаңнан қуылды: Варгас, 68
Төреші: Ороско (Боливия).
Ла-Плата. «Сьюдад де Ла-Плата». 28 000