Жарнама
Жарнама

Бір жылдық келісім шарт ел футболы үшін тиімді

Қазақстан Премьер-Лигасының клубтары неліктен футболшылармен ұзақ мерзімді келісім шартқа отыра алмайды.

Жарнама
Жарнама

Біздің чемпионатымызда өнер көрсететін кәсіби футболшылардың барлығы дерлік өз командасымен бір жылдық келісім шартқа отырады. Бұның себебі, клубтардың жыл сайынғы бөлінетін бюджетінің тұрақты болмауында. Мәселен, “Астана” ФК осы маусымдағы алатын қаржысы 2 млрд болса, келесі жылы бұл сомма 1,5 млрд болып қысқаруы мүмкін. Егерде командалар бюджетке сеніп, футболшымен бірнеше жылға келісім шартқа отырса, онда бірнеше жағдайда ұтылады. Мысалы, аттай қалап Еуропадан алдыртқан легионер бір маусымда өзің жақсы ойынымен қуанта алмаса, оның ұзақ мерзімді келісімі болса, ал клуб одан құтылуды қаласа, өтемақы төлеп шығындалады. Одан тағысы, футболшы жарақат алып қалып, бар жоспарды бүлдірген сәтте, бір жылдық келісім шарт көмекке келеді. Сол арқылы ҚПЛ командалары ұнамаған, ойдан шықпаған футболшыларын заңды түрде еш кедергісіз жөніне жібере алады. Былай қарап тұрсақ, біздің командалар үшін бұндай опция тиімді. Бірақта таяқтың екі ұшы бар демекші, бір жылдық келісім шарттың да өз кемшілігі бар. Команданың жас потенциалы жоғары ойыншысы бар делік. Бірақта бір жылдық келісім шарт аяқталған соң, оны тәрбиелеп шығарған клуб еңбегінің жемісін көре алмай тегін беріп жатады. Егерде бұндай жағдайларда команда футболшымен ұзақ мерзімге келісімге келгенінде түлегінен пайда табар еді…

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: