"Аякс" қақпашысы Андре Онана жақын арада "Арсенал" клубына ауысады. Бұл туралы журналист Николо Скира өзінің твиттер парақшасында хабарлады.
Дереккөздің айтуынша, келісім-шарт тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен 2024 жылға дейін есептелетін болады. Енді клубтар келісімнің соңғы бөлшектерін пысықтауы керек.
25 жастағы Онана - "Барселонаның" түлегі. Ол "Аякс" сапына 2015 жылдың қаңтарында қосылды. Содан бері қақпашы амстердамдық клубта 204 матч өткізіп, 180 гол жіберіп алды. Мамыр айында "Аякс" қақпашы үшін шамамен 14 миллион еуро алғысы келетіні туралы хабарланған болатын, ал "зеңбірекшілер" 8 миллион еуро ұсынды.
Ақпан айында Онана допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін бір жылға футболдан шеттетілген болатын. Оның дисквалификациясы тек 2022 жылдың ақпанында аяқталады, дегенмен, спорттық арбитраждық сот үкімін жеңілдетуі мүмкін - CAS өз үкімін маусым айында нақтылайтын болады.
Біздің серіктес: FONBET