Жарнама
Жарнама

“Бірден таңғалдырды”: Еуропалық клуб не себепті Қазақстандық жас талантты таңдады?

Бүгін, 09:18

Словакияның “Славия” (Кошице) клубының бас бапкері Матей Тимкович Қазақстандық жас ойыншы Еламан Оспанғалидің қалай қатарға қосылғаны туралы айтып, ағынан жарылды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында маман отандасымыздың Eуропалық клубты несімен баурап алғанын түсіндіріп берді.

Бапкердің айтуынша, Еламан Словакияда жұмыс істейтін агенттің ұсынысымен келген. Алғашқы сынақ ойынында-ақ ол өзінің мықты қарсыласқа қарсы қорықпай өнер көрсете алатынын дәлелдепті.

“Ол бізге агенттің ұсынысымен келді. Алғашқы ойынында-ақ өзінің шеберлігімен және болашағынан зор үміт күттіретін қабілетімен бізді бірден таңғалдырды. Еламанның дриблингі мен жылдамдығы өте жоғары. Сонымен қатар, алаң сыртында да өзін өте мәдениетті, ақылды жігіт ретінде көрсетті.” — дейді Матей Тимкович.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров