Бірінші лиганың үшінші турындағы «Ақжайық» - «Каспий» ойыны болмайтын болды. Бұл туралы Оралдық команданың баспасөз-қызметі мәлімдеген болатын.
Матчтың кейінгі уақытқа қалуы Батыс-Қазақстан облысындағы төтенше жағдай жағдаймен байланысты болып отыр. «Ақжайық» - «Каспий» кездесуінің қай күні өтетіні қосымша жарияланады. Бірінші лиганың екі турынан кейін «Каспий» 6 ұпаймен бірінші орынға жайғасса, «Ақжайық» командасы 8-сатыда тұр. Айта кетейік, қазір елімізде су тасқынына байланысты біраз аймақта төтенше жағдай жарияланған еді.
Біздің серіктес: FONBET