“Каспий” клубы Премьер Лига ойындарын неліктен өз жерінде өткізе алмайды.
Өткен маусым қорытындысы бойынша Бірінші Лигада дараланып, чемпион атанған Ақтау ұжымы Жоғары біріншіліктің ойындарын Қызылорада да қабылдайтын болды. Бұған дейін өз жеріндегі BS Arena-да өнер көрсеткен команда Федерация тарапынан стадионды сертификаттау рұқсат қағазын ала алмады. Небәрі 1500 адамды сыйдыратын спорт кешенін “Каспий” жалға алып келген еді.
Биылғы маусымда клубтың бюджеті 3 млн долларға дейін өсті. Бірақ команда өзінің жеке стадионын қарастыру мәселесін қозғамады. Соның кесірінен жасөспірімдер футболына зиянын тигізгелі тұр.
QJ League турнирінің арнайы мамандары Ақтаудағы BS Arena-ны ойындар қабылдауға қауқарсыз деп таныған екен. Сол себептен, “Каспий” Freedom жарысына қатысатын командалар санын 3-тен 1-ге мәжбүрлі түрде азайтып тастауы ғажап емес. Егерде стадион жағдайы шешілмесе, QJ League өкілдері Ақтаулықтарды B League түсіріп тастайды. Ал ол жақта инфрақұрылымы нашар, бәсекелестігі төмен ұжымдар ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET