Бүгінгі ойын күнінде футбол фанаттары қос бірдей матчтың куәсі болды.
20-тур аясындағы алғашқы ойында қарағандылық “Шахтер” өз алаңында өскеменнің “Алтайын” 2:1 есебімен ұтты. Матч барысында кеншілер сапынан Зайнетдинов мен Шымырхан гол авторы атанды. Екі ойын қатарынан қарсыласымен тең тарқасып келіп, бүгінде жеңіске жеткен Шахтер осы нәтижеден кейін турнир кестесінде үздік үштікке бір табан жақындады. Қазірде команда Вахид Масудовтың “Алтайына” тек бір ұпайға қалып келеді.
Келесі бір ойында “Ертіс” “Таразға” ойсырай ұтылудан басқа еш мүмкіндік қалдырмады. Аталған матчта Бөрібаев пен Кеңесов дубль авторы атанды. Одан басқа, Герасимов пен Төлеуов бір-бір голдан соғып, таблодағы қорытынды есепті 6:0 жеткізді. Осылайша Павлодарлықтар Бірінші Лигадағы жеңіліссіз ойындар сериясын 7 матчқа дейін созды.
Айтпақшы, бүгінгі қос кездесудеде алаң қонақтары сапынан ойыншылар матчтан қуылды. Мәселен, “Алтай” сапынан жас қорғаушы Тимур Реджепов “Шахтердің” екінші голына қарсылық білдіремін деп өрескел ереже бұзды. Сөйтіп командасын ойын соңына қарай кем құраммен қалдырды. Ал “Тараздың” жағдайында Жалғас Жақсылықов бір емес екі рет сары қағаз алып, онсызда 4:0 болып жатқан ұжымды тығырыққа тіреді. 24 жастағы қорғаушы осы маусымда өткізген 8 матчтың 2 қызыл қағаз алған. Осылайша аталған ойыншылар өз командасының келер ойындарын дисквалификацияға байланысты өткізуге мәжбүр.
Біздің серіктес: FONBET