Жарнама
Жарнама

Бірінші лиганың осы маусымдағы үздік бапкері анықталды

16.11.2021, 18:36
44 жастағы маман түркістандық клубқа маусымның ортасына таман келген еді
Жарнама
Жарнама

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2021 жылғы маусым қорытындысы бойынша Бірінші лиганың үздік бас бапкерін анықтау мақсатында сауалнама өткізді. Сауалнамаға лигаға қатысушы командалардың бас бапкерлері, капитандары және жетекшілері қатысты.

«Мақтаарал» командасының 44 жастағы жаттықтырушысы Константин Горовенко Бірінші лиганың 2021 жылғы маусымындағы үздік бапкері болып танылды.


Константин Александрович өзінің командасымен OLIMPBET-Қазақстан кубогінің негізгі кезеңінде бақ сынады. Жарыс барысында «Мақтаарал» соңғы турға дейін келесі кезеңге өтуге мүмкіндігін сақтады, бірақ топтық кезеңнің соңғы турларында «Тобыл» мен «Таразға» есе жіберіп, төрт команданың арасында үшінші орынды иеленді. Алайда, топтық кезеңде олар 9 ұпай жинап (2 жеңіс және 3 рет тең ойнады), тамаша нәтижеге қол жеткізді.

«Мақтаарал» Бірінші лигада өткен маусымда қойылған басты мақсатты орындады – олар жоғарғы лигаға өтуге мүмкіндік беретін орынды иеленіп, 2022 жылы OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатына жолдама алды.

Сауалнама қорытындысы бойынша екінші орында Марат Еслямов иеленді. Марат Жолдасұлы «Ақсу» командасымен бірге маусымның 22 ойынында 15 рет жеңіске жетті.


Үздік үштікті Кирилл Морунов түйіндеді. 31 жастағы маман «Қайрат» клубының жастар командасымен Бірінші лигада бесінші орынға табан тіреді.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров