Жарнама
Жарнама

Бірінші Лиганың өткен айдағы үздік бапкері мен ойыншысы анықталды

Qazaqstan Football League Бірінші лиганың шілде айындағы үздік бапкері мен ойыншысының атын жариялады. 

Жарнама
Жарнама

Үздіктерге берілетін естелік статуэткасымен “Оқжетпес” бапкері Андрей Ферапонтов пен жартылай қорғаушы Дәурен Жұмат марапатталды.

Андрей Ферапантовтың тізгінінде “Оқжетпес” шілде айында 4 матч өткізіп, ешқайсысында жеңілмеді. Команда сол ойындарда 13 гол соғып, небәрі 1 гол жіберді.

Дәурен Жұмат Көкшетау ұжымы жеңіске жеткен 4 ойында 2 гол мен 3 голдық пас берді. Осы нәтижелерінен кейін ол үздік деп танылды. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: