Жарнама
Жарнама

БИЫЛҒЫ БІРІНШІЛІКТЕН НЕ ТҮЙДІК?

08.12.2011, 00:47
Жарнама
Жарнама

Фархат ӘМІРЕНОВ

Қазақ футболында өсу бар. Бұл – спорт мамандарының пікірі. Шынында да, әлемдегі нөмір бірінші спорттың еліміздегі дамуының қадамы баяу болғанымен, бағыты берік. Басты меже – әлем алпауыттарымен иық тіресе өнер көрсетіп, ел мерейін мәртебелі ету. Биылғы жыл Қазақстан футболы үшін табысты болды. Ұлттық құраманың тізгінін чех маманы Мирослав Беранек ұстағалы бері футболшыларымыз біршама жетістіктерге жетті. Жанкүйер қауым да аяқдопшыларымыздың шамалы өсіп, ойындары өнгеніне қуанысты. Шетелдіктермен өткен кездесулердің әсері болар, ел біріншілігі де жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысқа толы болды. Осыдан бірнеше жыл бұрын даңқты Пеленің еліне жол тартқан жасөспірімдеріміздің қанаттары қатайып, көзге түсуде. Еліміздегі әйелдер футболы да әлем елдері санасатындай деңгейге көтерілуді мақсат етіп отыр. Жоғарыда айтылғандар футболы қарқынды дамыған елдер үшін жетістік емес шығар. Бірақ, біз үшін мәртебе, биік белес. «Беранек бапкер болып келгелі қазақ футболының бағы жанды» дейтіндер де бар. Оны әркім әрқалай таразылай жатар. Биылғы біріншілік бізге не түйдірді? Сіз бен біз болып осы сұраққа жауап іздеп көрелік.

Ұлттық құрама ұтылғанмен...

Алдымен ұлттық құрамаға тоқталсақ. Жыл басында бас құраманың бас жаттықтырушысы атанған Мирослав Беранектіңқадамы сәтті болды. Өзінің басшылығымен өткен алғашқы кездесуде қазақстандықтар Беларусь құрамасымен тең түсті. Білетіндер,осы маман қазақ футболын ұшпаққа шығарады десті. Енді біреулер әліптің артын баққанды жөн санады.

2012 жылы Польша мен Украина төрінде өтетін Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңінде алдымен азулы «неміс машинасына»төтеп бере алмадық. Оған өкпе де жоқ. Артынша Әзербайжан құрамасын 2:1 есебімен қапыда қалдырдық. Австриямен тең түсіп,Түрік футболының масқарасын шығара жаздадық. Бельгиялықтарды да әбден састырдық. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойыншабарлығы төрт ұпай еншіледік. Осыған да тәубе. Ең бастысы жігіттеріміз сәл де болса тәжірибе жинады. Беранек бапкерге ЕУРО-2012 доп додасының іріктеу кезеңінде Әзербайжан құрамасынан бір саты жоғары орынға ие болу міндеті жүктелген болатын.Өкінішке қарай, чех маманы жасақтаған құрама бұл міндетті орындай алмады. Соған қарамастан Қазақстан футбол федерациясыМ.Беранекпен арадағы келісім шартты екі жылға ұзартты. Бұл - чех маманына берілген тағы бір мүмкіндік.

Беранек келгелі бері ұлттық құрамаға қазақ жігіттері топтасты. Қайрат Нұрдәулетов, Ұлан Қонысбаев, Жамбыл Көкеев,Мақсат Байжанов, Мұхтар Мұхтаров, Серікжан Мұжықов, Марат Шахметов, Самат Смақов сынды қандастарымыз Еуропа алаңдарындажасындай жарқылдамаса да, шеберліктерін шындады. Сірә, Беранек Қазақстан құрамасында қазақтар ойнамайынша нәтижешықпайтынын түсінген болар.

Біріншілік тартысты өтті

Сөйтіп, футболдан Қазақстанның биылғы біріншілігі аяқталды. Небір қызықты жайттарға толы өрбіген чемпионат талайәңгімеге арқау болары анық. Бұған дейінгі додаларда жеңімпаз команданың аты біріншілік аяқталмай жатып анықталатын-ды. Албиылғы жылдың үздігі тек соңғы турда айқындалды. Сондай-ақ, премьерлигадан бірінші лигаға сырғитын команданың есімі десоңғы турда белгілі болды. Жүлделі орындарға әу баста аламанның алдын бермеген командалар жайғасты. Сүрініп, шалынса да,діттеген мақсатқа қол жеткізді. Қарағандылық «Шахтер» клубтық ғұмырында тұңғыш рет чемпион атанды. Ал Талдықорғанның«Жетісуі» алғаш рет жүлдегерлер қатарынан көрінді. «Ақтөбе» футболшылары сүрініп-қабынып жүріп, үшінші орынды қанағат тұтты.Павлодардың «Ертісі» бесінші тұғырға тұрақтады. Ол туралы бөлек әңгіме.

Биылғы біріншілікте барлығы 192 кездесу өтіп, 485 гол соғылды. Интернетте жарияланған мәліметтерге сүйенсек, жасылалаңда 308 футболшы өнер көрсеткен. Оның 20-сы маусымаралық үзілісте басқа отандық команданың сапына ауысқан. Әркоманданың еншісіне 32 ойыннан тигенін ескерсек, осы кездесулердің барлығына қатысқан футболшылардың саны саусақпенсанарлық. Атап айтсақ, «Ақтөбе» қорғаушысы Еміл Кенжесариев, «Атырау» қақпашысы Андрей Шабанов және «Жетісу»шабуылшысы Сергей Остапенко біріншіліктің барлық кездесулеріне қатысқан. Сондай-ақ, чемпионаттың бір ғана ойынын жіберіпалған 15 футболшы бар болса, 12 ойыншы 30 ойында алаңға шыққан.

Жанкүйерлердің қатары қалың

Еліміздегі футболдың бәсі артқан сайын футбол жанкүйерлерінің де қатары көбеюде. Республикалық бұқаралық ақпаратқұралдарында жарияланған деректерге сүйенер болсақ, ел біріншілігінің 192 кездесуін стадионнан барлығы 741 100 адамтамашалаған. Көрермендер аз жиналатын қалалар да жоқ емес. Мәселен, Өскеменнің «Восток» командасының ойынынтамашалауға биыл ең көбі 1500 адам келіпті. Тіпті, «Восток» пен «Атырау» арасындағы кездесуге бес жүз-ақ көрермен жиналыпы.Ал халықтың стадионға келуі жағынан ең ірі көрсеткіш Қарағандыда тіркелді. Соңғы турда жергілікті «Шахтер» мен «Астана»арасындағы ойынды стадионнан көруге 18900 адам жиналған.

Есімізде болар, Павлодардың «Ертіс» клубы Еуропа лигасының аясында Грузияның «Металлург» командасымен кездесуөткізді. Ойын алдындағы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында «Ертістің» бас бапкері Талғат Байсуфинов: «Біздіңфутболшылардан тамаша ойын күтсеңіз, алдымен жанкүйер ретінде демеп, қолдау көрсетуді ұмытпаңыз. Егер павлодарлықтарсүйікті командасына «Барселона» жанкүйерлері секілді қолдап, қолпаштаса, біздің жігіттер де жігерленіп, намысқа тырысар еді»,-деген болатын. Рас. Футболшылардың намысын қайрай алмай жатып, олардан «Құлагердің» шабысын күтеміз. Осыны ескеретін кезжеткен секілді.

«Ертіс» ерлей алмады

Футбол мамандары Павлодардың «Ертісі» чемпионаттың жүлдесінен дәмелі ұжымдардың бірі екенін біріншілік басталмайжатып-ақ айтқан-ды. Бірақ, жерлестеріміз сенімді ақтамады. Оны да түсінуге болады. Себебі, «Ертіс» еліміздегі бюджеті төменклубтардың қатарында.

Алғашқы айналымда Талғат Байсуфинов шәкірттерінің ойыны жүрді. Маусымаралық үзілісте Молдова легионері Анатолий Дорош пен Максим Жалмағанбетов «Астана» командасының сапына ауысты. Ұлттық құраманың қақпашысы Давид Лория тізесінен жарақаттанып, әріптестеріне ешқандай көмек көрсете алмады. Екінші айналымда жерлестеріміздің сәтсіз ойындары басталды. «Ақтөбе» мен «Жетісудан», «Астана» мен «Шахтердан» ұтылдық. Тіпті, Ертістің клубтық тарихында болмаған ірі жеңіліс те биылғы біріншілікте тіркелді. Естеріңізде болса біздің жігіттер сырт алаңда «Ақтөбеден» 7:2 есебімен ұтылған болатын. Әупіремдеп жүріп үздік алтылыққа ендік. Бірақ, нәтиже көңіл көншітпейді. Команда сапына Ұлықбек Асанбаев пен словениялық Марко Балажич қосылды. Олар да команданың ойынына жан бітіре алмады. Жергілікті футбол жанкүйерлерінен «Ертіс» сапынан биыл қай ойыншы ерекше көзге түсті» деп сұрасаңыз, басым көпшілігі малийлік футболшы Мамуту Кулибалиды бірінші атайды. Расында да, қара нәсілді мұсылман бауырымыз «Ертістің» қорғанысын барынша абыроймен қорғады. Оған ешкім дау айта алмас.

Сонымен не керек, «Ертіс» ерлей алмады. Қазақстан Кубогы жолындағы бәсекеден де тыс қалды. Дегенмен, қосалқы құрам ойыншылары арасындағы додада «ертістіктер» екінші орынға ие болды.

Пеле еліндегі өрендер

Еліміздің футбол федерациясы осыдан бірнеше жыл бұрын қазақстандық жасөспірімдерді Бразилиядағы «Оле Бразил Клаб» футбол академиясына жіберді. Мұндағы мақсат – ел футболын ұшпаққа шығарар тәжірибелі футболшы дайындау. Елден барған жас өспірімдердің алды футбол мамандарының назарына ілігуде. Болашағынан үміт күттіретін, қазақ футболын жандандырар жас жеткіншектеріміздің бірі – Рауан Сариев. Академияның тәрбиеленушісіне бразилиялық футбол мамандары көз тігіп отыр. Ол биыл Бразилияның Белу-Оризонти қаласындағы «Атлетико Минейро» клубымен 3 жылдық келісім шартқа қол қойды. Аталмыш клубтан кезінде Клаудио Таффарел, Андерсон Полга, Жилберто Силва, Амантино Манчини, Жулиано Белетти, Сисиньо секілді белді футболшылар шыққанын ескерсек, Рауанның тәжірибелі ойыншыға айналмасына кім кепіл. Бүгінде қазақстандық жас өрен бірнеше кездесу өткізіп, мергендік танытты. Тіпті, 40 метр жерден гол салғаны туралы бразилиялық әріптестеріміз жарыса жазды. Футбол академиясындағы басқа да отандастарымыз өз орнын тапса, нұр үстіне нұр болар еді. Біздің де өз Мессиіміз бен Рунниіміздің болуы заңдылық қой. Академия туралы сөз қозғағаннан кейін айта кеткеніміз жөн. Алматыда белгілі футболшы Тимур Сегізбаев атындағы жасөспірімдердің футбол академиясы ашылды.

Мүмкіндікті пайдалануда

Ерекше атап өтерлігі, ұлттық құраманың қатысумен өткен ойындарды, ел біріншілігіндегі кездесулерді отандық телеарналар көрермендер назарына ұсынуды игі дәстүрге айналдырған. Қазақстан чемпионатының кем дегенде бір күнде екі кездесуін көгілдір экраннан тамашалауға мүмкіндік бар. «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Хабар», «Еларна», «КТК» секілді телеарналар тікелей байланыс арқылы хабар таратуда өздерінің мүмкіндіктерін мүлт жібермеуде. Қала берді, интернет желісіндегі спорт сайттары өтіп жатқан ойынның мәтіндік таратылымын оқырмандар назарына ұсынады. Бұл - қол жеткізген басты табыстарымыздың бірі. Айтпақшы, аталған телеарналар әлемде теңдессіз болып табылатын Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Италия секілді елдердің футбол біріншіліктерінен де хабар таратады. Ел ішінде футбол ойынын насихаттауда бұл да бір таптырмас бағыт.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров